
Алтынбекова Динара Тансыковна
Химия магистрі
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
Chemistry_and_Chemical_Science
Дәріс курсы 6В05314 "Химия" бағыты бойынша білім беру бағдарламасының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес студенттерді ("Полимерлерді зерттеу әдістері" пәні бойынша бакалаврларды) даярлауды қамтамасыз етуге арналған.
" Полимерлерді зерттеу әдістері " пәнін оқудың мақсаты полимерлерді синтездеудің негізгі әдістері; жоғары молекулалық қосылыстарды модификациялаудың заманауи әдістері; полимерлерді синтездеу процесінде қолданылатын төмен молекулалық қосылыстардың қасиеттері; полимерлерді синтездеудің негізгі әдістерінің теориялық негіздері мен заңдылықтары; полимерлердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негіздерін білу; Алынған теориялық білімді полимерлерді синтездеу тәсілдерін таңдауда және олардың негізгі химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеуде тәжірибеде қолдана білу; полимерлерді синтездеудің қолданыстағы әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау. Жоғары молекулалық қосылыстарды синтездеу және олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу бойынша тәжірибелік жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеру.

Химия магистрі
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ