Курс тұралы:
Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімдер Батыс тарихына құндылық қатынасын қалыптастырады. Батыс елдерінің дамуындағы айырмашылықтарды түсінеді, "өнеркәсіптік революция" ұғымын біледі және оның маңыздылығын бағалайды. Курс сонымен қатар батыс демократиясы туралы ұғымдарды қалыптастырады (Ұлы француз революциясы, Англиядағы демократиялық қозғалыстар). Оқу үдерісінде алған білімдерін кәсіби қызметте қолдана алады; әлемдік тарихтағы Батыс өркениеттерінің орнын анықтайды. Студент әртүрлі мәдени жағдайларда жұмыс жасау қабілетін, ынтымақтастық дағдыларын, қойылған міндеттерді шешу қабілетін, топтағы шығармашылық өзара іс-қимылды дамытады.
Оқыту нәтижесі - Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірін анықтау. Шетелдік тарихтың негізгі тарихи оқиғалары мен процестерін түсіну. Тарихи ақпараттың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу үшін білімді пайдаланыңыз.
Кімге арналған:
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау
Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы
Постреквизиттер:Еуропа және Америка мемлекеттерінің қазіргі заман тарихы
Курс авторы:
Шолпанқұлова Қарлығаш Амангельдыевна
Кәсіби өмірбаян: 2001-2015 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» факультетінде оқытушылық қызмет атқарды.
2015-2022 жылдары Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Гуманитарлық-әлеумттік ғылымдар факультетінің "Тарих және география" кафедрадасының аға оқытушысы.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасында аға оқытушы қызметінде.
email: Sholpankulova1980@mail.ru