Еменова Г.Б.
тарих магистрі, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы.
Humanities
«Әлеуметтік-саяси білімдер 2: Саясаттану, Мәдениеттану» пәні саяси ғылым мен мәдениеттанудың негіздерімен танысуға, олардың өзара байланысы мен қоғамның дамуындағы ықпалына бағытталған. Курс аясында саясаттанудың теориялық негіздерін, саяси жүйелерді, билік институттарын, саяси партияларды, қозғалыстар мен сайлау процестерін, сонымен қатар мәдени процестерді талдау, мәдениет институттарының теориялық негіздерін, мәдениеттің қоғам өміріндегі рөлін, сондай ақ қоғамдық сана мен әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруды зерттейді.
Пәннің мақсаты: студенттерге саяси және мәдени процестер, олардың өзара байланысы және қоғам дамуына әсері туралы іргелі білім беру болып табылады. Осы пәнді оқу барысында студенттер саясаттану және мәдениеттану саласындағы негізгі теорияларды, концепциялар мен тәсілдермен танысады, бұл олардың әлеуметтік құбылыстарға кең көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
– Қоғам мен оның ішкі жүйелерін зерттеуге арналған саясаттану мен мәдениеттанудың негізгі ұғымдарын, теориялары мен тәсілдерін меңгеру.
– Саясаттанулық және мәдениеттанулық ақпаратты алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру.
– Саясаттану мен мәдениеттану саласында алынған білімді кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру.
– Сыни ойлау қабілетін дамыту және оны тәжірибеде қолдана білу.
– Студенттердің саясат пен мәдениет туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
– Оқу пәнінің контекстінде және модульдік пәндер арасындағы өзара байланыс аясында ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін алгоритмдік түрде қолдана білу.
– Қазақ қоғамының даму кезеңдері, саяси бағдарламалар, мәдениет, тіл, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар туралы ақпаратты негізді әрі дәлелді түрде ұсына білу.
– Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы саяси және мәдени институттардың рөлін ескере отырып, олардың ерекшеліктерін талдай білу.
тарих магистрі, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы.
филос.ғ.к., доцент, «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі.