Skip to main content

Law_sciences

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы


«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Ол атқарушы билік органдарының қызметін, олардың өкілеттіктерін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Бұл құқық саласы әкімшілік құқықбұзушылықтар мен олар үшін жауапкершілікті, сондай-ақ мемлекеттік басқару процесіндегі заңдылықты қамтамасыз ету тетіктерін қамтиды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» курсы – мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатынастарды жан-жақты зерттеуге арналған пән. Курс барысында атқарушы билік органдарының қызметі, олардың өкілеттіктері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқықтық нормалар, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Пәннің мақсаты – студенттердің әкімшілік құқық саласындағы теориялық білімін қалыптастыру, құқықтық нормаларды түсіну және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту. Курс нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік басқару процесін құқықтық тұрғыдан талдай алады және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсінеді.

.

Requirements

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» курсын меңгеру үшін студенттерде белгілі бір бастапқы білім мен дағдылар болуы қажет. Атап айтқанда, құқық теориясының негіздерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын және жалпы құқық салалары туралы бастапқы түсінігі болуы маңызды. Студенттерден аналитикалық ойлау, құқықтық нормаларды түсіну және талдау, ақпаратпен жұмыс істеу, сондай-ақ өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу дағдылары талап етіледі. Сонымен қатар, заңнамалық актілермен жұмыс жасау, құқықтық жағдайларды бағалау және шешім қабылдау қабілеттері курсты табысты меңгеруге ықпал етеді. .

Course Staff

Course Staff Image #1

Абдуалиева Асем Бахтияркызы

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Экономика және құқық" факультетінде "Мемлекеттік және әкімшілік құқық" кафедрасының аға оқытушысы . #1

Frequently Asked Questions

Курс бойынша сертификат беріледі ме?

Ия

See our list of supported browsers for the most up-to-date information.

Enroll