Skip to main content

Professional_development

ПК 2025 - Психология: денсаулық құпиясы, сұлулық сыры


«Психология: денсаулық құпиясы, сұлулық сыры» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы трансперсоналды психология, нейропсихология және эзотерикалық білімдердің соңғы жаңалықтарына бағдарлана отырып, сауығуға негізделген оқыту курсы. Тыңдаушыларды практикалық психологияның заманауи-инновациялық технологияларымен таныстыра отырып, рефлексия әдісін белсенді қолдануға дағдыландыру арқылы, ішкі әлеміне үңіліп, жан қалауларымен бетпе-бет келуге ықпал етеді. Шектеуші пайымдар мен стереотиптерді трансформациялауға бағдарланған психологиялық стратегиялар, ересек әріптестеріміздің жан қасаңдығынан арылып, тазарулары нәтижесінде, өзіндік болмыстарымен шынайы қауышуларына түрткі болады. Ой-сананың өзіндіктаным арқылы кеңеюі – психиканың икемділігіне әкеледі.

Enrollment is Closed

Курс сипаттамасы

Күміс университет тыңдаушыларына арналған «Психология: денсаулық құпиясы, сұлулық сыры» біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасы 3 модульді қамтиды: шектеулерді шешу; ой-сана трансформациясы; жаңа болмыс иесі. Алғашқы модуль аясында «Денсаулықты жақсарту негізі – тұтастық қағидасын ұстану: «жан-тән-рух» бірлігі концепциясы», «Сауығудың саналы қадамы – стереотиптерден арылу», «Сана трансформациясы – шектеуші пайымдарды өзгерту» тақырыптары қарастырылады. Екінші модуль «Денсаулықты жақсартудың психологиялық-педагогикалық стратегиялары», «Ой-сананы кеңейтудің психологиялық тәсілдері», «Психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету шарттары», «Таза ниет – денсаулық кепілі» тақырыптарын қамтиды. Үшінші модуль шеңберінде «Сұлулық сыры – жағымды көңіл-күйді тұрақтандыру тәсілдері», «Бірегей болмыс иесі: назар қайда – қуат сонда», «Тәңір тектес құбылыс мүмкіндіктері: сенім шапағаты» мәселелері пысықталады.

Тыңдаушыларды психологиялық сауықтырудың міндетті шарттары болып табылатын білу, түсіну, жауапкершілік, еңбектену (үздіксіз жаттығулар) тетіктері негізінде алынған нәтижелерді тұрақтандыру – іскерліктерді бекіту тәсілдерін белсендендіруді қажет етеді. Бұл сауықтыру және жасарту концепциялары сынды курстың негізгі міндеттері мен, сауығу және жасару сынды тыңдаушылардың ізгі мұраттарының сәйкес келуі, сондай-ақ бүкіл үрдістің алғышарты – ниет тазалығы факторларына сүйенеді.

Тыңдаушыларға талап және тілек

Түрлі стереотиптерден арылып, жан қасаңдығынан тазару арқылы, психиканың икемділігіне қол жеткізуге ұмтылу жолымен сауығу және жасаруға ұмтылу.

Курс командасы

Course Staff Image #1

Оқытушы №1

Оспанбаева Махаббат Пернебаевна, Педагогикалық психология кафедрасының қауым.профессоры, пс.ғ.к.

Жиі қойылатын сауалдар

Курс қаншалықты сенімді?

Курс материалдары зерттеулер негізінде құрылған; барлық психотехникалар сынақтан өткен, нәтижелері сенімді.

Курс нәтижелі болу үшін не істеу керек?

Курс нәтижелілігі тыңдаушының тапсырмаларды толық, сеніммен орындауына байланысты. Сондықтан, әр сабаққа толық қатысып, ТӨЖ (тыңдаушының өзіндік жұмысы) шынайы орындап, уақтылы рефлексия жасау тұру керек