Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік банктың қолдауымен әзірленген техникалық тапсырмаға сәйкес, инклюзивті білім беру моделінің негізгі қағидалары аясында қалыптастырылды. Бағдарламаның жаңашылдығы – оның білім беру жүйесінде баламасы жоқ, инновациялық әдістемелік нұсқаулық болып табылатын Модель негізінде әзірленуінде. Бағдарлама білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды және жалпы білім беретін сыныпта барлық білім алушыларды, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау мақсатында оқытушылардың, мұғалімдердің, мамандардың және ата-аналардың өзара ынтымақтастығына негізделген жүйелі тәсілді ұсынады. Сонымен қатар, бағдарламада білім алушылардың бір деңгейден келесі деңгейге өту стратегиялары сипатталып, егжей-тегжейлі ұсынымдар беріледі, білім алушыларды қолдаудың жаңа тәсілдері мен инклюзивті әдістемелері, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі мен қызметін үйлестіру модельдері ұсынылған. Бағдарлама инклюзивті білім беру саласындағы негізгі халықаралық тәжірибелерді, сондай-ақ білім алушылардың өз әлеуетін толық ашуына бағытталған заманауи тәжірибелерді, стратегияларды, әдіснамалар мен әдістерді қамтиды.
Курс туралы
Курстың негізгі мақсаты – барлық балалардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған инклюзивті білім беру моделін меңгерту және оларды әрбір баланың жеке қажеттіліктеріне бағдарланған, физикалық және психологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі инклюзивті ортада оқыту болып табылады. Аталған модель педагогтар мен мамандарға түрлі теориялар, тәсілдер мен практикалардың негізгі элементтерін түсінуге және әрбір білім алушылар тобы үшін ең қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді, яғни бір ғана әмбебап тәсілді ұстанудан бас тартуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – тыңдаушыларға инклюзивті білім беру моделінің негізгі қағидаларын және оны мектепке дейінгі кезеңнен бастап жоғары білім алғанға дейін барлық білім алушыларға қолдану ерекшеліктерін түсінуге көмектесу. ЖОО профессор-оқытушылар құрамына арналған міндеттер: - инклюзивті білім беру бойынша тереңдетілген білім алу, оқыту мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде инклюзивті тәсіл қағидаларын қамтамасыз ету және сақтау, білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әртараптандырылған әдістерін қолдану; - жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болу; - инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге студенттерді даярлау деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіру; - жоғары оқу орындарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту сапасын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстар мен жаттығулар жүргізу.
Курс барысында алынған білім мен дағдылар туралы ақпарат.
Модельді меңгеру нәтижесінде тыңдаушылар: - ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға әлеуметтік бейімделуді ескере отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша тұрақты дағдыларды меңгереді; - ерекше білім беру қажеттіліктері бар субъектілерді инклюзивті оқыту сапасын арттыру тәсілдерімен танысады және олардың жоғары оқу орнынан кейін білімін жалғастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді; - жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру туралы терең білім алып, оқыту мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде инклюзивті тәсіл қағидаларын сақтай отырып, оқыту әдістерін әртараптандыруды жүзеге асырады; - инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге қажетті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдіснамасын, өзара әрекеттесу формалары мен әдістерін меңгереді; - өз тәжірибесінде әртүрлі педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаудың арнайы әдістерін, құрылымдалған оқытуды, сараланған тәсілді және көпдеңгейлі оқытуды тиімді қолданады.
Курс авторлары
Оспанбаева Махаббат Пернебаевна
Оспанбаева Махаббат Пернебаевна , пс.ғ.к., доцент. ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2014» грантының иегері. «Педагогикалық психология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2017-2019 жылдары "Өрлеу" БАҰО – Жамбыл облысы бойынша педагог-кадрлардың біліктілігін арттыру институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру» кабинетінің профессоры қызметтерін атқарды. 2012 жылы БҰҰ «Әлеуметтік даму» гранты аясында Израиль мемлекетінде «Ерекше дамуы бар балаларды қалыпты білім беру ортасына интеграциялау» бойынша және 2015 жылы Португалия мемлекетінің Порто жоғары техникалық университетінде «Жоғары білім беруді жаңғырту» тақырыбында тағылымдамадан өтті. 2018 және 2025 жылдары Белорусь мемлекетінде «Инклюзивті білім беру» бойынша біліктілігін арттырды. 2024 жылы «Инклюзивті білім берудің қазақстандық моделін» өндіріске ендіру үрдісіне қатысып, Астана және Түркістан қалаларында 1 ай көлемінде 200 педагогқа тренинг жүргізді. 2025-жылдан бастап, ҚР ҒжЖБМ AP26104365-«Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары» (2025-27) ГҚ жобасының орындаушысы.
Санай Гаухар Ералиевна
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент. 1996ж Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты. География пәнінің мұғалімі эколог бакалавр дәрежесін алды. 2006 ж ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті. Педагоикағылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. 2011 ж ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті. Доцент ғылыми атағы берілді. 2021 ж Халықаралық Тараз инновациялық институты. Педагогика және психология- мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2025 ж М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Логопедия- мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Еңбек жолында 2011 жылы «Педагогика», 2012 жылы «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Қазіргі таңда «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Ғылыми педагоикалық еңбек өтілімі: 30жыл100-ден астам ғылыми еңбегі бар: 3 оқу-әдістемелік құрал, 4-Scopus мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналдағы мақалалары –10.
Маковецкая Анастасия Андреевна
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қашықтықтан білім беру секторының жетекшісі, «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша жараталыстану ғылымдарының магистрі Марапаттары: «Жаңа технологиялар арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімді жаңғырту» Эразмус+ жобасы аясында өткізілген «Электрондық білім беру ресурстарының фестивалі» Республикалық байқауының жеңімпазы 25-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 7 ғылыми туындыға ҚР Әділет министірлігінің Зияткерлік меншік қүқығы комитетінің КУӘЛІГІ берілді.