Бағдарлама туралы
Курс мазмұны білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде білім алушылардың танымдық әлеуеттерін анықтауға, дамытуға, түзетуге бағытталады; сонымен қатар, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында субъектілердің ақыл-ой әрекетін жақсартуға, ал «Күміс университет» тыңдаушылары үшін когнитивтік белсенділікті сақтау арқылы, өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нейропсихология негіздерін меңгеру тыңдаушылардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін кеңейту аясында, әр жас кезеңі мен түрлі білім беру ұйымдарының субъектілерімен өзара әрекеттестікті тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
Курс туралы
Курс барысында нейропсихология саласындағы теориялық білімдерді тереңдетумен қатар, осы саладағы ғылыми зерттеулерді талдау және оларды білім беру тәжірибесіне бейімдеу дағдыларын қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Бұл тыңдаушылардың танымдық әлеуетін ескере отырып, оқытудың тиімді модельдерін жобалауға және академиялық үрдіс сапасын арттыруға ықпал етеді. Адам миының қызметі мен есте сақтау, зейін, ойлау, қиял сынды жоғары психикалық әрекеттердің және психоэмоциялық жағдайлардың субъектінің өмір сүру салты мен жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістері туралы ғылыми негізді әрі қолжетімді білімдердің қолданбалы аспектілері беріледі. Атап айтқанда, мидың жұмыс істеу заңдылықтары, когнитивтік функцияларды сақтау мен дамыту жолдары күнделікті өмірде қолдануға жеңіл, қарапайым жаттығулар көмегімен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісі тәжірибеге бағдарланып, тыңдаушылардың кәсіби әлеуеттері мен жеке тәжірибелерін негізге ала отырып, ұйымдастырылады. Курс материалдары ақыл-ой белсенділігін арттыруға, психоэмоциялық тепе-теңдікті сақтауға және танымдық белсенділікті қолдауға ықпал етеді. Курстың мақсаты: білім беру жүйесіндегі педагогикалық және психологиялық іс-тәжірибеде нейропсихологиялық білімдерді тиімді қолдану, ми қызметі мен сөйлеу, ес, зейін, ойлау, ерікті әрекет сынды жоғары психикалық функциялардың өзара байланысын түсіну, нейропсихологиялық диагностика, коррекция және реабилитацияның заманауи тәсілдерін меңгеру бойынша сала мамандарының біліктіліктерін арттыру. Курстың міндеттері: • балалардың психикалық дамуының нейропсихологиялық негіздерін түсіну және зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, сөйлеу процестерінің ми қызметімен байланысын білу; • жоғары психикалық функциялардың қалыптасу ерекшеліктерін талдау және балалар мен оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес, когнитивті функциялардың дамуын ажырату; • оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиындықтардың нейропсихологиялық себептерін анықтау және оқу үлгерімі, мінез-құлық немесе эмоциялық күйдегі ауытқулардың ми қызметімен байланысын түсіну; • нейропсихологиялық диагностика әдістерін меңгеру және педагогтер мен психологтардың практикалық жұмыстарында қолданылатын әдістермен танысу; • коррекциялық-дамытушы жұмыстарды ұйымдастыруды үйрену және танымдық функцияларды дамыту мен түзетуге бағытталған әдістерді қолдануды меңгеру; • инклюзивті білім беру жағдайында нейропсихологиялық қолдау көрсету және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрену; • пәнаралық өзара әрекеттестік аясында педагог, психолог, пән мұғалімдері және басқа да қызметкерлердің бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігін білу; • нейропсихологиялық білімдерді оқу-тәрбие үрдісінде және оқушы әлеуетін ашуда пайдалану тиімділігін меңгеру; • педагогтердің когнитивтік нейропсихология бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және оның қолданбалы аспектілерін жеке даму мен денсаулық жағдайларына сәйкес, әсіресе интеллектуалды әлеуетті жетілдіруге трансформациялауды игеру
Курс барысында алынған білім мен дағдылар туралы ақпарат.
Курс соңында тыңдаушылар нейропсихологиялық негізгі ұғымдарды меңгереді және сөйлеу, ес, зейін, ойлау, праксис, гнозис сынды жоғары психикалық қызмет негіздері мен олардың бұзылу тетіктерін ажыратады; педагогикалық-психологиялық іс-әрекет барысында нейропсихологиялық симптомдар мен синдромдарды таниды және нейропсихологиялық диагностика мен скринингтің базалық әдістерін қолдана алады; оқу, жазу, есептеумен қатар, мінез-құлықтағы қиындықтардың нейропсихологиялық себептерін анықтайды; нейропластикалылық қағидасына сүйене отырып, тиімді жаттығулар мен әдістерді таңдай біледі және инклюзивті білім беру жағдайында нейропсихологиялық тәсілдерді қолдана алады; пән мұғалімдері және білім беру ұйымы мамандарымен өзара әрекеттеседі; нейропсихологиялық білімдерді жеке және кәсіби тәжірибесінде орынды әрі этикалық тұрғыда қолдана алады.
Course Staff
Оспанбаева Махаббат Пернебаевна
Оспанбаева Махаббат Пернебаевна , пс.ғ.к., доцент. ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2014» грантының иегері. М.Х. Дулати ат. Тараз университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 6В01101 – Педагогика және психология (ІР) білім беру бағдарламасындағы «Когнитивті нейропсихология» пәнін жүргізеді. 2025 жылы ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы – AP26104365 «Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары» (2025-27) ғылыми жобасының орындаушысы. Нейропсихология бойынша білім беру ұйымдары субъектілерінің біліктілігін арттыру курсының авторы және жетекшісі.
Керимбаева Рысты Қалдыханқызы
Керимбаева Рысты Қалдыханқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауым.профессоры, п.ғ.к.ғ., Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2019» грантының иегері. 2025 жылы ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы – AP26104365 «Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары» (2025-27) ғылыми жобасының жетекшісі.
Маковецкая Анастасия Андреевна
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қашықтықтан білім беру секторының жетекшісі, «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша жараталыстану ғылымдарының магистрі Марапаттары: «Жаңа технологиялар арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімді жаңғырту» Эразмус+ жобасы аясында өткізілген «Электрондық білім беру ресурстарының фестивалі» Республикалық байқауының жеңімпазы 25-тен астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 7 ғылыми туындыға ҚР Әділет министірлігінің Зияткерлік меншік қүқығы комитетінің КУӘЛІГІ берілді.